Ұйымдар тізімі
22.11.2020
2020 жылдың 14 қарашасында ZOOM платформасында «Жаңа жағдайдағы білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыру» тақырыбында Ақмола облысы білім басқармасының бастығы Б.А.Жүсіповтің қатысуымен облыстық педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің жұмысына «Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия» КММ оқытушылары қатысты: Т.С.Лихачева, Е.Н.Титова, М.Ф.Стоян, А.В.Филатова.
Педагогикалық кеңес барысында келесі өзекті мәселелер қаралды: Көкшетаудағы НЗМ-де қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері; мұғалімнің кәсіби дамуы және білім сапасын арттыруға қажетті құзыреттіліктер; қашықтықтан оқытудағы психологиялық - педагогикалық аспект.
Екі жақты диалог, мектептердің сәтті тәжірибесін, сындарлы шешімдерін трансляциялау педагогикалық кеңестің негізі болды.
Довгаль
