«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164562807

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Степногорск қаласында да бұл күнге арналған іс-шара өткізілді. 
Репрессиялау барысында тек Қазақстан аумағында ІІХК қызметі жалпы саны 3720 тыңшысы бар 183 ұйымды анықтады. 1920-1953 жылдар аралығында саяси репрессияларға 110 мың адам ұшырады. Қазақстанның партиялық ұйымдарының 17 пайызы 1935-1938 жылдар аралығында халық жаулары деп жарияланып, жазаға ұшырады. Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, М. Жұмабаев бастаған ұлттық-либерал зиялы қауым, сондай-ақ, Алаш Орда партиясының түгелге жуық мүшелері жалпы саны 4297 адам репрессияланды. Сонымен қатар, ғалымдар, жазушылар, ақындар, мәдениет және өнер, білім қызметкерлері де репрессияның құрбаны болды. Сталиндік қанды жүйе интеллигенцияны толық құрамда жоюды көздеді. Қамауға алынған зиялы қауым өкілдерінің әйелдері 5-8 жылға лагерьлерге айдалса, балалары еңбекпен түзеу лагерьлері мен түрмелерге, балалар үйлеріне жиберілді. Елімізде болып өткен репрессиялар жөнінде айтпауға тырысты, айтқан күннің өзінде ол жөнінде жұқалап кана сөз бөлды. Ал Қайта құру заманында елімізде демократия мен жариялылыктың, плюрализмнің дамуына кең жол ашылғанда, партия халықты кайта кұруға, бетбұрыс жасауға, жаңаша ойлауға, құқықтық мемлекетті нығайтуға шақырды. Оның үстіне КОКП ОК-нің 1989 ж. «30-40-шы және 50-ші жылдардың бас кезінде орын алған жазалау шараларының құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сай жазықсыз жазаланғандардын бәрінің толық ақталуына олардың бейнесінің мәңгі есте қалдырылуына тиісті жағдай жасалды. Осыған байланысты әр жылдары орынсыз жауапқа тартылып, жазықсыз жазаға ұшыраған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ә. Ермеков, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ж. Ақбаев, Н. Нұрмақов, А. Асылбеков, М. Ғатаулин, Н. Нұрсейітов, М. Ордабаев, Ж. Баймолдин, А. Нарешев, Ж. Өмірбеков, 3. Әбділдин, Б. Жақсылықов, А. Рүстемов, Б. Ысқақов, М. Теміров, Р. Нарешев және т.б. реабилитация алды, яғни толық ақталды. Тәуелсіз Қазақстанда 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланып, ашаршылық, репрессия жылдары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген мақалалар жарияланып, игі шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Қазақстан тарихындағы қаралы беттердің бірі – жаппай сталиндік саяси репрессиялар. Аталған тақырып бойынша елімізде тарихшы-ғалымдардың атқарып отырған еңбектері кең ауқымды, келешекте сол бір зұлмат заманның көптеген жасырылып келген құпиялары әлі де ашылады деген ойдамын. Ал Қазақ халқының жазықсыз ату жазасына ұшырап, репрессияланған қайраткерлерінің халық алдыңда атқарған еңбегі өзінің тиісті бағасын алуда.

Жаңартылған күні: 04.06.2019 19:22
Құрылған күні: 04.06.2019 19:22

Текст