«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164562807

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашаққа бағдар "Рухани Жаңғыру"

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің ары қарай дамуына, әлемдегі ең ірі экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу, алға қойған мақсаттарымызға жету туралы баяндайды. Сонымен қатар бұл мақалада: ұлттық сананы жаңғырту, ұлтымыздың болмысын, ұлттық кодты сақтап, оны Қазақстанның дамуына, оның игілігіне жарату негізінде, еліміздің ары қарай дамыту болып табылады. Онда еліміздің Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңыздылығын түсіндірді. Бұл жаңғыруда аталып өткен аса маңызды екі үдеріc – саяси реформа мен эканомикалық жаңғыру. Бұл жүйе арқылы біртұтас біріккен ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымызды және сананы қалай өзгертетіні жөнінде өз пікірімен, ойымен бөлісті.

Мемлекет басшысының мақаласы, бұл – ең алдымен XXI ғасырдағы шынайы өмірдегі ұлттық сананы білдіретін және қоғамда қалыптасқан сананы өзгерту жолындағы дүниетанымдық мақала.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ғасырдағы ұлттық сананы кеңінен дамытудың, жаңғыртудың бірнеше бағытын ұсынды:
1. Бәсекелік қабілет

2. Прагматизм

3.. Ұлттық бірегейлікті сақтау

4. Білімнің салтанат құруы

 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

6. Сананың ашықтығы.
Қазіргі ХХI ғасыр білімнің салтанат құруымен байланысты. Елбасымыз жастарға үлкен сенім артады. «Біздің болашағымыз- жастардың қолында» демекші, жастарға арнап – университеттер, зияткерлік мектептер ашылды. Сонымен қатар көптеген білімді жастарды – «Болашак бағдарламасы» арқылы көптеген елдерге оқуға жіберді.

Яғни, бұл білімнің – салтанат құруы.

Мақалада ұсынылған ұлттық рухты, ұлттық сананы жаңғыртудың бағыттары жүзеге асса, онда бұл – рухани жаңғырудың негізі болмақ. Елбасымыздың бұл мақаласы ұлттық сананы жаңғырта отырып, ұлттық бірегейлікті сақтап, табысты ел болуды білдіреді. Осы рухани жаңғыру арқылы елімізді барша әлемге таныта отырып, табысты ел болып, болашаққа деген үмітімізді, сенімімізді біріктіре отырып, бір ту астында, жарқын болашаққа жетейік!

Жаңартылған күні: 14.03.2019 15:20
Құрылған күні: 02.06.2020 12:34

Текст