«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164562807

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы)

Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда № 8827 тіркелді.

2-тарау. Мектеп-гимназия қызметінің тәртібі,

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 30.07.2019 № 338 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24. Мектеп-гимназия, мектеп-лицей-өз құрылымында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылатын сыныптары бар, сондай-ақ олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес оқушыларды тереңдетіп, бейінді, саралап оқытуды көздейтін қосымша жалпы білім беретін бағдарламалар іске асырылатын заңды дербес орта жалпы білім беретін оқу орындары.

25. Мектеп-гимназия, мектеп-лицей қызметінің мақсаты:

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ оқушыларды тереңдетіп, бейінді, саралап оқытуды көздейтін қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін оңтайлы жағдай жасау.

26. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мектеп-гимназия, мектеп-лицей келесі міндеттерді іске асырады::

1) кәсіби білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға және игеруге дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениет деңгейі жоғары зияткерлік тұлғаны қалыптастыру;

2) Дарынды, оқу іс-әрекетіне қабілетті оқушыларды анықтау;

3) гимназиялық және лицейлік сыныптардағы оқушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты деңгейінен асатын пәндерді оқыту;

4) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану арқылы оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекеті мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

5) шығармашылық әлеуетті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

27. Мектеп-гимназияның бағыты: гуманитарлық, лингвистикалық, эстетикалық, сонымен қатар көпбейінді болуы мүмкін.

Жаңартылған күні: 01.06.2020 19:57
Құрылған күні: 01.06.2020 19:57

Текст