«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164562807

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ (селекторлық режимде)

 

 

 

Төрағалық еткен: ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы 

(Мамин, Цой, Жұманғарин, Тұрғымбаев)

 

  1. Денсаулық сақтау министрі А.В. Цойдың, Ішкі істер министрі                           Е.З. Тұрғымбаевтың, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С.М. Жұманғаринның 2020 жылғы 16 қарашадағы кеңесте берген Мемлекет Басшысының коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл шаралары туралы тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ақпараты назарға алынсын.
  2. Денсаулық сақтау министрлігіБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен (келісу бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіпте:
  1. бағалардың негізділігін тексеруді, импорттық дәрілік заттарды ескере отырып, дәрілік заттардың бағаларын төмендету мәселесін 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін пысықтасын;
  2. ағымдағы жылдың соңына дейін бағаны қалыптастырудың ерекше тәртібін есепке ала отырып, коронавирустық инфекцияны емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік заттардың жаңа бағаларын енгізсін.
  1. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша) Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіптежылдың соңына дейін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер нарығына қатысушылардың қызметіне монополияға қарсы тергеп-тексеруді аяқтасын.
  2. Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерісанитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын ескере отырып:
  1. оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аралас оқытуды;
  2. оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап сабақтан тыс уақытта артта қалған оқушыларды 5 адамнан аспайтын топтарда жеке оқытуды;
  3. оқу жылының екінші семестрінен бастап колледждер мен ЖОО-ның І курс студенттері үшін штаттық оқытуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.
  1. Атырау облысының әкімдігі, энергетика, денсаулық сақтау министрліктері ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан бастап «Теңіз» кен орнында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша:
  1. вахтаға кіру алдында карантиндеу мерзімін 7 күннен 14 күнге дейін ұлғайту;
  2. вахталық кенттерді тұратын санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарды ескере отырып толықтыру;
  1. «Теңіз» кен орны жұмыскерлерін тұратын жері бойынша және тікелей жұмыс орнында скринингтен өткізу;
  2. вахтаға кіру және одан шығу алдында карантиндік орындардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу;
  3. вахталық кенттердің толықтырылуының циклдылығы;
  4. әртүрлі вахталық кенттерде тұратын жұмыскерлердің жұмыс орындарында қарама-қарсы қарым-қатынасты болдырмау бөлігінде шаралар қабылдасын.  
  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтанжәне Шымкент қалаларының әкімдіктерізаңнамада белгіленген тәртіпте:
  1. Денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерімен,«Атамекен» ҰКП-мен (келісу бойынша) бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерініңобъектілерде санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуы бойынша белгіленген талаптарды орындауын қамтамасыз етсін;
  2. өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты шұғыл шектеу шараларын қабылдасын;
  3. қоғамдық орындарды, мектептер мен бала бақшаларды сапалы санитариялық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерінің вакцинациялауға дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.

         7. Денсаулық сақтау министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп отандық «QazCovid-in®» және «Спутник V» вакциналарының өндірісі мәселесін ерекше бақылауда ұстасын.    

8. Ішкі істер министрлігіоблыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп мониторингтік топтардың жұмысын күшейтсін және заңды және жеке тұлғаларды карантиндік режимді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартсын.

9. 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтар аралығында ойын-сауық, спорттық және басқа да көпшілік іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық таңертеңгіліктер, корпоративтер, театрландырылған көрсетілімдер, концерттерді және т.б. өткізуге және ұйымдастыруға тыйым салынсын.

         10.    Осы хаттаманың орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Л. Тоғжановқа жүктелсін.

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                        А. Мамин

 

Жаңартылған күні: 04.01.2021 20:52
Құрылған күні: 04.01.2021 20:52

Текст