«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164562807

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім)

Білім және ғылым Министрінің " Қазақстан Республикасының 31 қазандағы 2018 жылғы № 604. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 болып тіркелді.

Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім)

2-Параграф. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
87. Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспектіні қамтумен бағаланады:
1) жеке нәтижелер;
2) жүйелік-іс-әрекет нәтижелері;
3) пәндік нәтижелер.
88. Жеке нәтижелер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңға және құқық тәртібіне құрмет көрсету;
2) белсенді азаматтық ұстанымды, жоғары патриоттық сезімді көрсету, Өз Отанына қызмет етуге және оның мүдделерін қорғауға дайын болу;
3) Қазақстан аумағында тұратын қазақ халқы мен басқа да этностардың тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне және басқа да құндылықтарына құрмет көрсету, мемлекеттік тілді және ана тілдерін меңгеру; ;
4) туған өлкенің, өз елінің табиғатын сақтауға және көбейтуге ұмтылу, қоршаған ортаны қорғауда белсенді ұстаным білдіру;
5) салауатты өмір салтын, өзінің және қоршаған адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларын жүргізу;
6) адам қарым-қатынасының жоғары мәдениетін көрсету, этикалық нормаларды сақтау;
7) өздігінен білім алу және өзін-өзі іске асыру және жасампаздық еңбекке қабілеттілік;
8) аға ұрпаққа құрмет көрсету және кішілерге қамқорлық көрсету, басқаларға мейірімділік пен сезімталдық көрсету;
9) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін барабар бағалай білу, қоғамға қарсы құбылыстарға, идеологиялық, құқыққа қарсы және діни сипаттағы деструктивті әсерлерге қарсы тұру.
89. Тұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелілік, әлеуметтену және рухани-адамгершілік, шығармашылық және физикалық даму деңгейінің психологиялық-педагогикалық мониторингі нысанында бақыланады және оның портфолиосына тіркеледі.
90. Жүйелік-қызметтік нәтижелер:
1) адам қоғамының прогресі үшін ғылым негіздері және ғылыми жетістіктерді қолдану салалары бойынша білім жүйесін меңгеру;
2) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, синтездеу және пайдалана білу;
3) тану, жобалау, құрастыру және зерттеу, шығармашылық қолдану әдістерін меңгеру;
4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру;
5) дамыған коммуникативтік қабілеттерді, көптілді мәдениетті меңгеру.
91. Жүйелік-іс-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар, таңдау курстары, шығармашылық оқу жобаларын орындау, сондай-ақ зерттеу қызметінің басқа да түрлері бойынша жетістіктерімен анықталады және оның портфолиосына тіркеледі.
92. Пәндік нәтижелер орта білім берудің базалық мазмұнын меңгеру бойынша білім алушылардың білім және іс-әрекеттік дайындығында көрсетіледі.
93. Пәндік нәтижелер үш деңгейде белгіленеді: Базалық (міндетті), мүмкін болатын (пәнді таңдау кезінде көлемі 1 сағат болатын вариативті компонентті игеру үшін) және озық бейінді (пәндерді тереңдетіп, жалпы білім беретін ұйым таңдаған үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын игеру үшін).
94. Оқу пәндерін меңгерудің базалық деңгейі білім алушылардың білім көлемі мен олардың іскерліктері мен дағдыларын міндетті минимумнан тұрады.
95. Оқу пәндерін игерудің озық (ықтимал және бейіндік) деңгейлері білім алушылардың кеңейтілген және тереңдетілген білім көлемін, олардың іскерліктері мен дағдыларын қамтиды. Оқу пәндерін игерудің ықтимал деңгейі вариативті оқу бағдарламалары негізінде жалпы білім беретін ұйымның таңдауы бойынша іске асырылады.
Оқу пәндерін игерудің бейіндік деңгейлері тереңдетілген оқу бағдарламалары негізінде іске асырылады.
96. Жалпы орта білім беру ұйымы ұсынатын жалпы орта білім мазмұнын игеруді (тереңдетілген, кеңейтілген) жергілікті білім беру органдары бақылайды.
97. Бақылау нысандары ауызша, жазбаша және шығармашылық емтихандар, тест тапсырмаларының ашық және жабық нысандары, бақылау жұмыстары, ауызша сұрау немесе әңгімелесу болып табылады.

Жаңартылған күні: 02.06.2020 11:03
Құрылған күні: 02.06.2020 11:03

Текст