Текст
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Степногорск қаласының Л. Н. Толстой атындағы 4 мектеп-гимназиясында 2019 жылы 5 сәуірде іс-шаралар өткізілді.
Бастауыш сыныптарда "Көңілді старттар" өтті, орта буында 6 сынып арасында пионерболдан жарыс өтті. Жоғары сыныптар өз бетімен,педагогтың басшылығымен дайындық бөлімін жаттығу түрінде өткізді.
1-11 сынып оқушылары флешмоб өткізді.