«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164562807

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАДЫНАМА

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАДЫНАМА
ҚР БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕЙТІН НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР МЕН ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕР

1. "Білім туралы" ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңына өзгерістер енгізілді-ҚР 09.04.2016 № 501-V (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.);
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Гимназия-бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу орны.
30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
1. Алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу отбасында немесе бір жастан алты жасқа дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі оқыту бес жастан бастап балаларды мектепте оқуға мектепалды даярлау түрінде жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық міндетті және жүзеге асырылады отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды дайындық сыныптарында, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың.
31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
1. 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап қабылданады.

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары)
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңға, осы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
5. Білім алушыларды білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен білім беру қызметтерін көрсетуге шарттар жасасады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген).
10. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына балаларды қабылдау кезінде мамандандырылған Білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден басқа емтихандар, тестілеу, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.
14. Гимназиялар мен лицейлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен анықталған міндетті білім көлемін алуды қамтамасыз ету үшін, білім беру ұйымдарына қызмет көрсету аумағында тұратын оқушылардың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды қалыптастырады.

3. Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен бекітілген). Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда № 8827 тіркелді)
1. Жалпы ережелер
Осы Үлгілік ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан гимназиялық сыныптары бар гимназиялар, жалпы білім беретін орта мектептер үшін үлгі болып табылады.
4. Гимназияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) кәсіби білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға және игеруге дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениет деңгейі жоғары зияткерлік тұлғаны қалыптастыру;
2) неғұрлым қабілетті және дайындалған оқушыларға жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін оңтайлы жағдай жасау.
21. Гимназия мен лицейлерге қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Қабылдау, сыныптан сыныпқа ауыстыру, оқудан шығару гимназия, лицей Жарғысына сәйкес үлгерім (рейтингтік балл) нәтижелері бойынша гимназия мен лицей Кеңесінің (педкеңесінің) шешімімен жүргізіледі.
23. Оқудан шығарылған оқушылар гимназияның, лицейдің жалпы білім беретін сыныптарында білімін жалғастырады немесе аудандық (қалалық) білім бөлімі тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепке ауыстырады.

Жаңартылған күні: 01.06.2020 19:49
Құрылған күні: 01.06.2020 19:49

Текст