«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164562807

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарғы Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Лев Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия» Степногорск қаласының білім бөлімі

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Степногорск  қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы әкімшілігінің қаулысы бойынша 2008 жылғы 29 желтоқсанда № а-10/536 құрылды.

4. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Степногорск қалалық әкімдігі болып табылады.

5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Степногорск қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы: Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

7. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұрған жері: 021501, Қазақстан Республикасы, Акмола облысы, Степногорск қаласы, № 45 ғимарат.

 

 

2-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

 

8. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

9. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

10. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

11. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

 

 

3-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің

мәні мен мақсаттары

 

12. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәнітұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы № 4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алты жастан он жеті (он сегіз) жасқа дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуді іздеуге бағытталған зерттеу қызметін жүзеге асырады,мемлекет кепіл беретін ақысыз орта жалпы білім алу құқығы мен мүмкіндігін береді, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар шегінде бес жастан алты жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі және мектепалды дайындығын жүргізеді.

13. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты:

1) оқушылардың жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнының міндетті ең аз мөлшерін меңгеру негізінде жалпы ғылыми және жалпы мәдени дайындықтарын қалыптастыру;

2) мектеп оқушыларының қоғамдағы өмірге әлеуметтік бейімделуі;

3) болашақ мамандығы мен еңбек қызметін саналы түрде таңдауы мен меңгеруі;

4) азаматтық пен қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

14. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) жаппай біліммен қамту;

2)  білім беру процесінің үздіксіздігі;

3) оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі;

4)  мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жоғарлату;

5) инклюзивті білім беруді қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
7) білім беру объектілерді терроризмге қарсы қорғау іс-шараларын
қамтамасыз етеді;

8) ата-аналар (заңды өкілдер) міндетті түрде оқу орнында балалардың сабаққа қатысуы үшін мектеп Кеңесі белгілеген үлгімен, Қамқоршылық кеңес бекіткен мектеп формасын қамтамасыз етсін;

9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің анықтауымен, ақылы білім қызметін көрсету;

10) білімнің үш сатысын білімдік бағдарлама деңгейіне сәйкес білімдік үрдісті жүзеге асыру:

I саты: жалпы бастауыш білім,

II саты: жалпы негізгі білім,

III саты: жалпы орта білім;

11) Қазақстан Республикасының ғылым мен білім Министрлігінің бекіткен, нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жалпы орта білім және негізгі, бастауыш сатыда оқушыларды шығару мен қабылдау тәртібі орнатылған;

12) Қазақстан Республикасының ғылым мен білім Министрлігінің бекіткен, нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оқушылардың білімін жүйелі бақылау, қорытынды және аралық аттестаттау түрлері мен өткізуін анықтайды;

13) 4-сынып оқушыларының оқужетістігін мониторингтік бағалау формасында педагогикалық кеңестің шешімімен сыныптан сыныпқа көшіру емтиханы енгізіледі;

14) білім үрдісіне қатысушылардың міндеттері мен құқықтары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен,ішкі тәртіп ережелерімен анықталады;

15.Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

16.Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органы «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі Степногорск қалалық әкімдігінің не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

 

17. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін жалпы басқаруды заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

18. Тиісті саланың уәкілетті органы «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мүлікті бекітіп береді;

2) Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

6) Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

8) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға,Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады,жергілікті атқарушы орган Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

12) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолдануға міндетті, бұл үшін жеке жауапкершілік жүктеледі;
14) мектептің Қамқоршылық Кеңесінің құрамын бекітеді;
19. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органы«Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен немесе жергілікті атқарушы органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне немесе жергілікті атқарушы органына тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

21. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда  айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

22. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

23. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы  №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен  және тиісті саланың уәкілетті органы «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

24.Степногорск қаласының білім бөлімінің ««Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды.Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.

25. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда көрсетілетін қызметтерді өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.

27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекеме бюджетінен қаржыландырады.

28. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

29. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

 

 

6-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

30. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

Оқушылардың оқу режимі:

  1. Оқу жылы бірінші қыркүйектен басталады;
  2. мектеп бескүндік оқу апталығымен жұмыс істейді;
  3. оқу жылының ұзақтығы 34 оқу аптасынан кем құрамайды;
  4. сабақтардың ұзақтығы 40 минут
  5. сабақтардың басталуы уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады

 

 

7-тарау. Құрылтай құжаттарына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

31. Степногорск қаласының білім бөлімінің ««Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органы «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру

және тарату шарттары

 

32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.

33. Коммуналдық мемлекеттік мекеме занды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

34. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

35. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

36. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.

37. Таратылған Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

 

 

9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

 

38. Степногорск қаласының білім бөлімінің «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Жаңартылған күні: 01.10.2020 17:08
Құрылған күні: 01.10.2020 17:08

Текст