«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164562807

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ережелері жаңартылды

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» КММ-де бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін қолжетімді болатының хабарлайды.
1. Бір бала бір ғана өтінім беруі тиіс (бір оқу орнына);
2. Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 Мбайттан аспауы тиіс.
Қызметті онлайн алу үшін:
1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Порталға жүгінген кезде (құжаттар тізбесі):
1. Ата-анасының біреуінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) өтініші;
2. Баланың туу туралы куәлігінің немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың.электрондық көшірмесі ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда)
3. Көлемі 3х4 см 2 дана баланың сандық фотосуреті;
4. № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
5. Мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
Бірінші сынып бойынша алдын ала жазылу ашылды, 6-75-45 (қабылдау бөлмесі) нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Жаңартылған күні: 21.03.2021 13:20
Құрылған күні: 21.03.2021 13:20

Текст