«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-сыныпқа қабылдау 2026 жыл

31.03.2026
Құрметті ата-аналар (заңды өкілдер)!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.
Министрліктің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И ресми хатына сәйкес, биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімдері түзетілді.
2025–2026 оқу жылында 1-сыныпқа балаларды қабылдау еліміздің өңірлерінде кезең-кезеңімен, 2026 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Ақмола облысы (оның ішінде Степногорск қаласында) өтініштерді қабылдау мерзімдері:
• негізгі кезең: 2026 жылғы 10–17 маусым; 
• қосымша кезең: 2026 жылғы 11 шілде – 31 тамыз (негізгі кезеңде құжат тапсыра алмаған ата-аналар үшін). 
Осылайша, Ақмола облысында (Степногорск қаласын қоса) 1-сыныпқа құжат қабылдау жалпы мерзімі 2026 жылғы 10 маусымнан 31 тамызға дейін болып табылады.
Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылынан бастап мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері ата-анасының немесе олардың орнындағы заңды өкілдердің өтініші негізінде 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Егер ата-аналар мектепалды даярлық сыныбынан кейін басқа мектепті таңдауды қаласа, құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап қабылданады, сондай-ақ ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар ата-анасының өтініші бойынша дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.
Құжаттарды қабылдау 3:1 қағидаты бойынша жүзеге асырылады:
• алдымен мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын алғашқы үш өтініш беруші; 
• содан кейін басқа аумақтан бір өтініш беруші қабылданады. 
Құжаттарды тапсыру кезінде жоғарыда көрсетілген ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.
Ізгі ниетпен,
Мектеп әкімшілігі!
Просмотров: 25


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст