Текст
2020 жылдың 23 қазанында ZOOM форматында «Лев Толстой атындағы No4 гимназия мектебі» КММ түлектерінің кәсіптік бағдар беру бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінің өкілдерімен кездесуі өтті. Балаларға университет туралы, оқу бағыттары, зертханаларды материалдық-техникалық жабдықтау, қабылдау және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, студенттердің бос уақыттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Кездесу соңында кәсіптік кеңес берушілер түлектердің сұрақтарына жауап берді.