«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абайдың 175 жылдығына арналған екі реттік шара

11.03.2020
Бүгiн бiздiң гимназия-мектебiмiзде Абайдың 175 жылдық мерейтойына қарсы мектепiшiлiк iс-шара өттi. "ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ - ҰЛЫ АБАЙЫ" атты әдеби-музыкалық ашық кештi қазақ тiлi мен әдебиет мұғалiмдерi Aбищаева Эльмира Аққазовна, Абищаев Серикбол Жанаевич, Кульмагамбетова Бимария Жанахметовна, Құрымбаева Құралай Айтпаевна, Абдрахманова Гаухар Сейтхановна, Арыстанбекова Ботагоз Газизовна басшылыққа алды. Оқушыларымыз Абай атамыздың өлеңдерiң жырлап, әндерiн айтып, қара сөздерiң оқып, өз өнерлерiн ортаға салды. Қонақтарды Дауленбаева Шынар Еркеновна жетекшiлiгiндегi домбыра үйiрмесi қарсы алды. Киелi домбыраның үнi жүрекке бiр ұмытылмас әсер қалдырды. Театр үйiрмесiнiң жетекшiсi Арыстанбекова Ботагоз Газизовна балалармен Ұлы Абайға арналған сахналық қойылымдар көрсеттi, сонын iшiнде ерекше атап кететін "Абай " қойылымы. Абай рөлiн ойнаған ұлты шешен Исмаил, Абай атамыздың қара сөзiн оқып бердi.
Абай Құнанбай ұлының көрмесi болды. Көрменi ұйымдастырған гимназия кiтапханашысы Миславская Валентина Николаевна және көркем еңбек мұғалiмi Лепп Наталья Юрьевна,
мың бұралған бишi қыздарымыз әдемi биiмен паш еттi жетекшiлерi Инкирбаева Kамилла Ришатовна.Ән үйiрмесiнiң жетекшiсi Швец Ольга Борисовна да өз өнерлерiн көрсеттi. Бiлiм бөлiмi нiң әдiскерi Назымбеков Қанат Аманжолович жоғары дәрежелі баға бердi. Бiрiншiден, iс-шараны ұйымдастырған жоғары аталған қазақ тiлi мұғалiмдерiне өз жылы лебiзiн, алғысын бiлдiрдi, екiншi ден мектеп директоры Шевелёва Галина Владимировнаға және оқу меңгерушiсi Жакишева Светлана Викторовнаға алғыс айтты. Абай атамыздың ақылың алсақ, айтқанын жасасақ, ел ретінде биiкке көтерiлемiз, мемлекет ретінде мәртебемiз өседi!
Просмотров: 306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст