2019 жылы 7 қарашада "Л. Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия" КММ 2-7 сынып оқушыларының 67 оқушысы республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы өткізген "Ақ бота"қашықтық зияткерлік сайысына қатысты.
Оқушылар пәндер бойынша тест тапсырмаларын орындады:
3-4 сыныптар Қазақ тілі): Қазақ тілі, математика, жаратылыстану;
3-4 сыныптар (орыс тілінде): орыс тілі, математика, жаратылыстану;
5-8 сыныптар: орыс тілі, математика, биология(жаратылыстану).
Конкурстың тапсырмалары оқушылардың логикалық ойлауы мен функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды. 44 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде: 1 орын – 11 адам, 2 орын – 16 адам, 3 орын-17 адам. Барлық жүлдегерлер байқауды ұйымдастырушылардың дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!