2019 жылдың 24 қыркүйегінде Степногорск қаласы білім бөлімінің "А. Косарев атындағы № 9 орта мектебі" КММ базасында 2019-2020 оқу жылында оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша білім беру мекемелері директорларының орынбасарларымен Ақмола облысы білім басқармасының оқу - әдістемелік кабинетінің көшпелі кеңесі өтті.Г. Б. Кушпаева мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, жоспарлау жүйесіндегі инновациялық тәсілдер туралы баяндама жасап, өмір бойы оқу қажеттілігіне баса назар аударды. Ш. Қ. Қажығалиева Елбасының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "сындарлы қоғамдық диалог - еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Р. Б. Баганалинова нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру мәселесін талқылады. Семинар жұмысына 50-ден астам адам қатысты, олардың ішінде: Е. Н. Титова, А. В. Ермошкина, Н. Н. Довгаль.