«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ҚР тілдері онкүндігінің ашылуы

05.09.2019

Бүгін, яғни қыркүйек айының бесінші жұлдызы күні Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия мектебінде «Ел мәртебесі-тіл мәртебесі» атты тілдер апталығының салтанатты ашылуы өтті.Салттанатты ашылу мектеп директоры –Г.В.Шевелеваның және тіл мамандарының құттықтау сөзімен ашылды. Біз үшін бұл үлкен мереке. Тіл-қай ұлтта, қай елде болса да қасиетті, қастерлі дүние. Тіл байлығы –әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Шара ұлы халқымызыдың - ұлы ақыны, әдеби тілдің негізін салушы, аудармашы, философ, дана, дара туған Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналды. Шара барысында оқушылар тіл туралы өлеңдер мен Абай позэзиясын үш тілде оқып, ақынның әндері шырқалып, көрермендерді ерекше куанышқа бөледі. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына көрме ұйымдастырылып, мектеп кітапханашысы В.Н.Миславская мектеп оқушыларына Абай поэзиясының құндылығы туралы айтып, Абайдың аудармалары, өлеңдері туралы жазылған кітап, журналдармен таныстырды.
Ұлы ақынның еңбектері біз үшін таусылмас асыл, рухани қазына. М.Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, казақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы жай емес.

Просмотров: 802


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст