«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-сыныпқа қабылдау туралы хабарландыру

26.03.2026
Құрметті ата-аналар (заңды өкілдер)!
2026 жылдың 01 сәуірінен 31 тамызына дейін 
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л. Н. Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясы» КММ-сі 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталғанын хабарлайды
📌 Өтініш беру тәсілдері:
• «электрондық үкімет» порталы арқылы: www.egov.kz
• білім беру ұйымына тікелей (қағаз түрінде)
 
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
құжаттардың толық пакеті тапсырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні.
 
🆓 Қызмет тегін көрсетіледі
 
🕘 Мектептің жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – жұма: 09:00-ден 18:30-ға дейін
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін
 
🌐 Портал тәулік бойы жұмыс істейді (техникалық үзілістерді қоспағанда)
 
📄 Қажетті құжаттар:
Портал арқылы:
1. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініші;
2. Медициналық анықтамалар:
 № 065/у нысаны (профилактикалық егулер картасы);
 № 052-2/у нысаны (баланың денсаулық паспорты);
3. Баланың 3×4 өлшемді цифрлық фотосуреті.
 
Мектепке тікелей тапсырған кезде:
1. Өтініш;
2. Ата-ананың жеке куәлігі (түпнұсқа);
3. Медициналық анықтамалар (№ 065/у және № 052-2/у);
4. Баланың 3×4 өлшемді 2 дана фотосуреті.
 
📌 Қызмет көрсету нәтижесі:
1 қыркүйектен бастап 1-сыныпқа қабылдау туралы хабарлама немесе (құжаттар толық болмаған жағдайда) дәлелді бас тарту.
 
Бас тарту негіздері:
• құжаттардың толық ұсынылмауы немесе жалған мәліметтер;
• қабылдау талаптарына сәйкес келмеуі;
• бос орындардың болмауы.
 
📞 Қосымша ақпарат:
• www.egov.kz порталы (жеке кабинет);
• Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777;
• мектептің қабылдау бөлмесі: +7 (71645) 7-58-07.
Просмотров: 102


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст