17.05.2021
2021 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында "Л.Н .Толстой атындағы 4 мектеп-гимназия" КММ-де өзінің туған мектебі мен туған қаласын көгалдандыру мен абаттандыруға өз үлесін қосу және жақсарту мақсатында "Ағаш отырғыз" акциясы өтті. Акцияға Степногорск қ. Білім бөлімінің басшысы Шабаров Сағындық Серікбайұлы, МГ 4 басшысы Макарова Е. А., 9 және 11 сынып түлектері қатысты.
Ағаш отырғызу-түлектерге мектеп пен туған қаласының тарихында өз іздерін қалдыруға тамаша мүмкіндік. Бұл ағаштар тамыр алып, өсіп, болашақ гимназия оқушыларына қуаныш сыйласын.