15 сәуір 2021 жылы он бірінші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау жоспарын іске асыру шеңберінде «Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ZOOM платформасында онлайн форматта жалпықалалық ата-аналар жиналысын өткізді. Негізгі мәселе мемлекеттік білім гранттарын тағайындау үшін ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу процесі болды. Сонымен, Сағандық Серікбайұлы мен Алтын Қабдрашитқызы түлектерді қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктеріне тоқталып, ата-аналар қауымын ҰБТ-ның ережелерімен және кезеңдерімен таныстырды. «Ақмола облысының білім беру дирекциясы Степногорск қаласы Степногорск қаласы, Лев Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия» КММ ата-аналар комитеті ашық диалог үшін және өзекті мәселелер бойынша жауап алғандығы үшін ризашылығын білдіреді.