«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025–2026 оқу жылындағы білім беру қызметінің өзін-өзі бағалауы

29.06.2026

Білім беру қызметінің өзін-өзі бағалауы

Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы

бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласының

Л.Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясы КММ

Бағаланатын кезең – 2025–2026 оқу жылы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленген білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025–2026 оқу жылындағы қызметіне 2023–2024 және 2024–2025 оқу жылдарымен салыстырмалы түрде өзін-өзі бағалау жүргізілді.

Өзін-өзі бағалау білім беру ұйымы басшысының 2026 жылғы 09 маусымдағы №211 бұйрығымен бекітілген комиссия құрамымен жүргізілді:

  1. Макарова Е.А. – мектеп директоры, комиссия төрағасы;
  2. Титова Е.Н. – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары;
  3. Довгаль Н.Н. – ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;
  4. Арыстанбекова Б.Г. – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары;
  5. Жакишева С.В. – жаңа білім беру технологиялары жөніндегі директордың орынбасары;
  6. Тарасенко А.Б. – жаңа білім беру технологиялары жөніндегі директордың орынбасары;
  7. Ермошкина А.В. – тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары;
  8. Филатова А.В. – цифрландыру жөніндегі директордың орынбасары;
  9. Лагода Н.В. – шаруашылық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, мектеп кәсіподақ комитетінің төрағасы;
  10. Ахметова С.С. – экономист-бухгалтер;
  11. Миславская В.Н. – кітапхана меңгерушісі;
  12. Запрягаева А.Ю. – мектеп педагог-психологы;
  13. Макашева А.К. – мектептің әлеуметтік педагогы.

Комиссия бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымдарын бағалау барысында зерттелетін негізгі бағыттар мен нысандар бойынша мектептің қызметіне талдау жүргізді, оның ішінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкестігіне талдау жасалды.

Мектеп-гимназияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне өзіндік талдау жүргізу және материалдарды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен, сондай-ақ ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтермен салыстыру барысында комиссия Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясы КММ қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау жасап, жан-жақты талдау жүргізді.

/public/files/2026/6/29/290626_195841_samoocenka-shg-4-imtolstogo.docx

Сұрақтар




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст