«Тіл дарын» облыстық шығармашылық жобалар байқауы
2017 жылдың 29-31 қазан күндері Көкшетау қаласында облыстық дарынды балалар мектебі
қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Тіл дарын»
облыстық шығармашылық жобалар байқауы өткізілді. Атаулы шараға
облысымыздың түкпір-түкпірінен өзге ұлт өкілдерінің 2-11 сынып оқушылары
белсене қатысты. Балалар өздерінің тәжірибелік, зерттеушілік, аналитикалық,
тарихи және өнертапқыштық бағыттағы шығармашылық жобаларын ұсынды. Олардың
арасында «Менің шежірем», «Менің кіші Отаным», «Астана - арман қала», «Қазақ
халқының музыкалық өнері», «Менің ауылымның тарихы», «Қазақ халқының
салт-дәстүрлері», «Мемлекеттік тілдің мәртебесі», «Қазақстанның
ұлттық-қолданбалы өнері", «Жасыл энергетика» сияқты тақырыптағы жұмыстар
болды. Облыстың барлық өңірінен жалпы
136 оқушы қатысты. 58 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ ақшалай
сертификаттармен марапатталды. Жүлдегерлердің арасында І дәрежелі дипломмен
біздің де мектептің 10 сынып оқушысы Гетманец Руслан марапатталды.
Русланның «Әр бала үшін таза ауыз су» атты шығармашылық жұмысы мектептің
ішінде орнатылған суды үнемдеу құралдары туралы болды. Оқушы өзінін жұмысын
мемлекеттік тілде қорғап, әділқазылардың көңілінен шықты. Бұл жетістікке Руслан
өзінің мұғалімі Курумбаева Құралай Айтпаевнамен бірге жетті. Сонымен қатар
Руслан мемлекеттік тілдің қолдану аясын жоғары дәрежеге жеткізіп, мектебіміздің
мәртебесін көтерді.