Рухани жанғыру: Аудармашылар мен қазақ
тілі оқытушыларына арналған семинар-практикум
Мемлекет басшысының «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру атты мақаласын басшылыққа ала отыра, Степногорск
қаласының Тілдерді үйрету орталығы 22 қараша күні қалалық кітапханада ауқымды семинар өткізді. Семинардың күн
тәртібінде 4 сұрақ қарастырылды:
1. Қазақ тілін меңгерудегі Қазтест жүйесінің пайдасы.
2. Латын графикасы-заман талабы.
3. Степногорск қаласындағы аударма және тілдің мәселе.
4. Жоғарыда айқындалған сұрақтар бойынша қатысушылардың пікірі мен сауалдары.
Семинарға қалаладағы білім ошақтарының қазақ тілі мұғалімдері мен мемлекеттік мекемелердің жас мамандары
мен аудармашылары қатысты.
Семинарды Тіл үйрету орталығының директоры Кабарұлы Қайырым ашып, жиналған қауымды күн тәртібімен таныстырды.
Орталықтың әдіскері – Бақыт Қожагелдіқызы мен оқытушылары күн тәртібінде
қарастырылған сұрақтар бойынша жан-жақты мағмұлат берді.
Қазақ тілі мұғалімі - Ғалия Нурділайқызы орталықтың Қазтест
жүйесімен 4 жылдай жұмыс атқарып келе жатқандығын айтып, бүгінгі таңда өзге ұлт
өкілдерініңмемлекеттік тілін меңгеруде тиімді қолданып жүргендерін ескертті.
Ал орталықтың әдіскері – Бақыт
Қожагелдіқызы, Қазақстандағы араб бастап бүгінгі күнге дейінгі хронологиясы
жайлы мағлұмат беріп, латын әліпбиіне көшу маңыздылығына тоқталды. Бұл- ұлт
болып шешуге тиісті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім
қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, жас ұрпақтың ағылшын
тілі мен интернет тілін жетік меңгеріне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға
жағдай туғызатынын атап өтті.
Семинар барысында күн тәртібінде берілген сұрақтар бойынша,
қатысушылар өз ойларымен бөлісіп,латын әліпбиіне
көшу - ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатынына үлкен сенім білдірді.
Қазақ тілі мұғалімі: Абищаева Э.А.