26.08.2023
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021.11.19 № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 № 432 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, 2023 жылғы 7 тамызда «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы
№ 4 мектеп-гимназиясы» КММ педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес педагогтердің бос лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссияның отырысы өтті. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы мынадай ұсынымдары хаттама шығарылды:
- мұғалімдермен еңбек шартын жасасу (Базарова Г. Т. - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Вайсова М. Б. - бастауыш сынып мұғалімі, Мадиярова М. Д. - бастауыш сынып мұғалімі; Назия Т. Н. – математика пәнінің мұғалімі; Абишева С. К. – тарих пәнінің мұғалімі) тиісті бұйрық шығару;
- құжаттарды толық емес көлемде ұсынған кандидаттарға телефон арқылы хабарлау, құжаттарын қайтару.