Бүгін 05.04.2023 Л.Н. Толстой атындағы №4гимназия-мектебінде Степногорск қаласының құрметті тұрғыны, қаламыздың білім саласына үлкен үлесін қосқан ұстаз, қаламыздың білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры, математика мұғалімі Гребнева Вера Николаевнаға арналған, естелік тақтайшаның ашылу рәсімі өткізілді.Естелік тақтайшаны ашуға Степногорск қаласының әкімі Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлына берілді. Салтанатты митингке қатысқан келесі құрметті қонақтар: облыстық маслихатының депутаты Қойшыбаев Марат Саветович, Шортанды ауданы маслихатының төрайымы Садвокасова Гүлнұр Ануарбекқызы, Степногорск қаласының маслихатының төрағасы Джагпаров Олжас Аманжолұлы, педагогикалық еңбек зейнеткері және педагогикалық ғылым қайраткері Досанова Тамара Павловна, педагогикалық еңбек зейнеткері және Ақсу кеңтінің №1 орта мектебіндегі мұражайдың басшысы Утеуова Минуара Мухамедгалиевна, Гребнева Вера Николаевнаның жолдасы Гребнев Александр Яковлевич. Қонақтарымыз ыстық лебіздерін білдіріп, маркұм Вера Николаевнаның адамгершілігі мол, еңбекқор, мейрімді жан екені туралы аталды.Митингтің соңында жанға жақын , әдемі ән айтылды. Естелік тақтайшаға гүл шоқтары қойылды.