«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы қазақ тілі мұғалімдерінің арасында талқыланды

19.01.2020

Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия –мектебінде ұлы ақын – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шаралар өтуде.
Жоспар бойынша «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты кітап көрмесі үйымдастырылып мектеп оқушыларына (5-9 сынып) оқушылары жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмір мен шығармашылығы бойынша жаңа дерек көздерімен танысып, білгендерін ортаға салды. Көрмені қазақ тілі мұғалімдері мен мектеп кітапханашысы ұйымдастырды.
Сондай-ақ, жоспар бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы қазақ тілі мұғалімдерінің арасында талқыланды.
Біздің ойымызша, президент өз мақаласында ХХІ ғасырдағы Қазақстан қандай болуы керек, қай жолмен дамып, қандай ел болуы керек деген сауалға жауап тапқандай. Жалпы мақала «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделері», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» деген бөлімдерден тұратындығын айтып, әр бөлімге қысқаша тоқталып кеттік.
Мақалада мемлекет басшысы Абайдың білімге, ғылымға деген құштарлығын айта келе, қазіргі жастарды ғылымға, білімге ұмтылуға шақырды.
Қорыта келе, мақаладағы керемет ойдың бірі Семей қаласын тарихи орталыққа айналдыру. Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған жер айрықша құрметке лайық екендігі айтып, үлкен мерейтой республикалық деңгейде өтетіндігін хабарлады. Ұлы ғұламаның мерей тойына қарсы шараларбіздің де мектепте өтпек.

Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст