2023 жылғы 14-15 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы «Алтын қазына» балалар көркемсурет және қолданбалы өнерінің облыстық көрме-байқауын өткізді.
Көрмеге облыстың 15 ауданынан барлығы 95 оқушы қатысты. Наталья Юрьевна Лепптің жетекшілігімен «Колорит» өнер үйірмесі құзыретті қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, 4 номинация бойынша жұмыстарын лайықты көрсетті:
- «Тоқыма бұйымдарын өндіру: гобелен, кесте, батик, киіз басу, патчворк»: Суханова Екатерина (8 «А» сыныбы) – 3 дәрежелі диплом;
- «Металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, ұсақ пішіндерді мүсіндеу, қуу, соғу» Бабиков Александр, 10 сынып оқушысы – 2 дәрежелі диплом;
- «Қағаз бұйымдарын өндіру: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» Владислав Рогал, 5 «В» сынып оқушысы – 1 дәрежелі диплом. Мектеп әкімшілігі байқау жеңімпаздары мен балалардың идеялық дем берушісі Наталья Юрьевнаны одан әрі жетілдіру және шығармашылық идеяларды іздеу тілегімен құттықтайды. Н.Довгаль