Текст
Бүгін 20 қыркүйек күні қаламызда "Горняк" мәдениет үйінде "Латын әліпбиі - рухани жаңғырудың басты бағыты" тақырыбында облыстық практикалық конференция өткізілді. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі жөнінде көп сұрақтар талқыланды, аз қалған уақытта тиімді және жеңіл көшу жолдарын табу жөні де қарастырылды. Латын қарпі бойынша күрделі бірнеше өзекті сұрақтарға да тоқталу жасалды. Қаламызда латын қарпіне көшу жұмыстарының жоспары құрылған. Мемлекеттік тілде жаңа әліппе дайындалып жатыр. Қаламыздың көше, мемлекеттік ғимарат атаулары латын графикасымен басылып жазылуы жоспарланған. Мемлекеттік тіл мәселесі - өзекті мәселе. Рухани жаңаруға дайын болайық, халайық!