«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика, физика, химия және биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада

25.09.2019

Дарынды балаларды анықтау және қолдау жөніндегі іс-шаралардың бірі 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін математика, физика, химия және биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада болып табылады. Президенттік олимпиаданың идеясы-қазақстандық оқушылардың білімін, оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге танымдық қызығушылығын арттыру, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Бүгін, 2019 жылдың 24 қыркүйегінде Степногорск қаласында облыстық дарынды балаларға арналған "Болашақ" мамандандырылған мектеп-интернаты базасында XII Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі басталды.
Ақмола облысы аудандарының үздік түлектері зияткерлік күресте өз күштерін сынайды. Балалар 4 пән бойынша тапсырмаларды шешу керек: математика, химия, биология, физика. Ең үздіктері олимпиаданың облыстық және республикалық турларына қатысады. №4 мектеп-гимназиясын олимпиадаға 11-сынып оқушысы, оқу озаты, физика және математика пәндері бойынша олимпиада жүлдегері, Халықаралық қашықтық байқаулардың қатысушысы - Таубалдина Асем қатысады.

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст