Текст
Дүние жүзінде 20 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Жер күні атап өтіледі. Экологиялық күнтізбеде Жер күні тойланатын екі күн бар: 20 наурыз және 22 сәуір. Олардың айырмашылығы наурыз мерекесі адамдарды Табиғатпен тату-тәтті өмір сүруге шақырады, ал сәуір күнін тойлаудағы мақсат – планетамыздың барша халқын қоршаған ортаны қорғауға біріктіру.
22 сәуірде Жер күні аясында «Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия» КММ-де осы датаға арналған іс-шаралар өтті.