07.05.2022
6"A" сыныбында " Абайды оқы, таңырқа!" бөлiмi бойынша, "Бұл қай мезгiл?" атты ашық сабақты
Арыстанбекова Ботакөз Ғазизқызы өткiздi.
Сабақ барысында түрлi әдiс-тәсiлдердi қолданып, оқушыларды тақырыпқа деген қызығушылықтарын жүзеге асырды. Сабақ бойы бiлiм алушылар ұлы Абай атамыздың
табиғат лирикасына арналған өлең жолдарын сүйсiне оқыды, оған қоса тәрбиелiк мәнi бар, философиялық құндылығы бар, терең мағынада Рыбакова София Абайдың 31 сөзiн әсерлi оқып, таңғалдырды. "Көзiмнiң қарасы" атты әнiң мұғалiмдерiмен бiрге шырқады. Топқа бөлiнiп, зерттеушілер тағайындап, Абай атамыздың "Қыс", "Жаз", "Күз", "Көктем" тақырыбына байланысты кластер құрастырып қорғады. "Балық қаңқасы", "Синквейн", "Миға шабуыл" және т. б. әдiстердi қолданып, осы тақырыпты өз мәресiне жеткiздi.
Сабақ алдына қойған мақсатына жеттi.