07.05.2022
Бүгiн 21.04.2022 Л. Н. Толстой атындағы №4 гимназия-мектебiнде орыс сыныптарындағы қазақ тiлi мен әдебиетi семинары өттi.
Семинарда 5 ұстазымыз өз шеберлiктерiмен бөлiстi.
Үш ашық сабақ және бiр тәрбие сабағы болды.
3 "А" сыныбында " Су-тiршiлiк көзi" атты ашық сабақты мектеп өтiлi 2 жыл жас маман Аханова Шамшагүл Тұрсынбекқызы өткiздi.
6"A" сыныбында " Абайды оқы, таңырқа!" атты ашық сабақты мектеп өтiлi 29
жыл сарапшы маман
Арыстанбекова Ботакөз Ғазизқызы өткiздi.
11-сыныбында Сайын Мұратбековтың "Телі өскен ұл" повесі
тақырыбында ашық сабақты мектеп өтiлi 38 жыл сарапшы ұстаз Абдрахманова Гауhар Сейтхановна өткiздi.
Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығына орай сыныптан тыс іс-шара "Ғ.Мүсірепов - сөз зергері"мектеп өтiлi 29- 43 жыл зерттеушi мамандар
Құнанбаева Ардақ Асылхановна және Құрымбаева Құралай Айтпаевна өткiздi.
Ұстаздарымыз оқу-тәрбие үрдісінде жан-жақты дамыған қоғам талабына сай, шығармашылық қабілеті мол, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеуде зор үлесін қосуда.
Семинарға келген қалалық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi Мұхтар Икранбек өзiнiң жоғары бағасын берiп, құттықтау тiлектерiмен бөлiстi.
Довгаль Н. Н.