Текст
6 қарашада Степногорск қаласының шахмат федерациясы «Горняк» мәдениет үйінде қала мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізді. Біздің мектеп-гимназияның екі оқушысы турнирдің күміс жүлдегері атанды. Бұл 3 «Б» сынып оқушысы Удовкина Нелли және 2 «Б» сынып оқушысы Афанасьева Полина. Қыздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта шахматта жеңістер тілейміз!