19.09.2021
Бүгін, 2021 жылдың 17 қыркүйегінде жалпы орта білім беретін гимназия-мектебінің оқушылары мен мұғалімдері Республикалық экологиялық акцияға қосылды. Акцияның мақсаты: экологиялық мәдениетті, сананы және дүниетанымды қалыптастыру.
Акцияның барлық қатысушылары мектеп ауласын абаттандыру бойынша сенбілікке белсенді қатысты. Мектеп аумағын құлаған жапырақтардан, өлі ағаштардан тазартылды, спорт алаңы мен мектеп айналасындағы жол сыпырылды, мектептің алдындағы гүлзарлары да ретке келтірілді.