Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 4-сынып оқушыларына арналған интеллектуалды викторина
20.11.2026
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында мектебіміздің 4-сыныптар параллелі арасында «Білгірлер додасы» атты қызықты зияткерлік викторина ұйымдастырылды. Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арыстанбекова Ботагөз Газизовна өткізді.
Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдері мен өнерлерін жан-жақты көрсете білді. Қатысушылар:
•
Қасиетті домбырада күмбірлете күй тартты;
Қасиетті домбырада күмбірлете күй тартты;•
Өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыды;
Өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыды;•
Грамматикалық тапсырмаларды орындап, сұрақтарға мүдірмей жауап берді.
Грамматикалық тапсырмаларды орындап, сұрақтарға мүдірмей жауап берді.Оқушылардың білімі мен өнеріне әділ бағасын берген қазылар алқасы құрамында мектеп президенті Жартаев Темірлан, «Алтын белгіге» үміткер оқушы Пернебаев Нұркелді, сондай-ақ 9 «Ә» сынып оқушылары Анафия Айзере мен Гизатова Жасмин болды.
Тартысты әрі көңілді өткен викторина жас білгірлердің ана тіліне деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсті!
Просмотров: 3