Қазақстан Республикасы күніне орай 5-сынып оқушыларына арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты танымдық ойын өткізілді.
23.10.2026
Менің Отаным — Қазақстан! 

Қазақстан Республикасының күніне орай 5-сынып оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» атты танымдық әрі қызықты ойын өткізілді. 

Оқушылар қызықты сайыстар мен тапсырмаларға белсенді қатысып, еліміздің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі және мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тексерді. 



Ойын барысында оқушылар Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, Қазақстан туралы көптеген жаңа мәліметтер білді. Сонымен қатар топпен жұмыс жасау, білімдерін ортаға салу, тапқырлық пен белсенділік таныту мүмкіндігіне ие болды. 



Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына деген құрмет және Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосуға деген ұмтылыс әр баланың жүрегінде мәңгі сақталсын!Қазақстан Республикасының күні құтты болсын! 

Просмотров: 254