«№4 мектеп-гимназиясының 2025 жылға арналған бюджет қаражатын пайдалану»
13.11.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы білім бөліміне қарасты Л.Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 2025 жылға арналған бюджет қаражатын пайдалану туралы
2025 жылға арналған қаржыландыру жоспарын орындау бойынша жалпы бюджет көлемі 770 372,6 мың теңгені құрады.
Оның ішінде еңбекақы қоры – 490 848,7 мың теңге.
Төмендегі ұйымдармен шарттар жасалған:
-
«Степногорск Энергосбыт» ЖШС – электр және жылу энергиясын жеткізуге жалпы сомасы 8 000,2 мың теңге;
-
Суық су беру қызметтері – 400,0 мың теңге;
-
«VARGUS Security» ЖШС – тәулік бойы күзет қызметі 4 456,0 мың теңге;
-
Бейнебақылау жүйесін, өрт дабылы жүйесін қызмет көрсету және «1С» ақпараттық жүйесіне қолдау көрсету қызметтері – жалпы сомасы 776,5 мың теңге;
-
Сантехникалық қызметтер – ИП Нұршабаев, «Таза қала» ЖШС – коммуналдық қалдықтарды шығару қызметтері 1 185,6 мың теңге.
«Қазақтелеком» АҚ байланыс қызметтері – 3 593,8 мың теңге.
Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтандыруға мемлекеттен 3 499,0 мың теңге бөлінген, бұл бір күнге 850 теңге мөлшерінде.
1-сынып оқушыларын тамақтандыруға 40 666,0 мың теңге, бір күнге 725 теңге мөлшерінде қаражат бөлінген.
2025 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 28 оқушы тегін тамақтандыру қызметін алды (ЦОН арқылы мемлекеттік қызмет алған).
«Мектепке жол» акциясы аясында 46,3 мың теңгеден 24 ата-ана мен 34 бала жалпы сомасы 1 571,7 мың теңге көмек алды.
Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында:
-
7 дана интерактивті панель – 10 348,7 мың теңге;
-
Парта мен орындықтар жиһазы – 2 500,2 мың теңге;
-
Экранмен бірге проектор – 338,2 мың теңге;
-
49 жұп шаңғы – 1 185,8 мың теңге;
-
Кабинеттерге аспалы төбелер орнату – 8 699,0 мың теңге;
-
Төбелерді жөндеу жұмыстары – 3 059,8 мың теңге;
-
Кабинеттерге линолеум төсеу – 1 039,9 мың теңге;
-
Әйнек пакеттер орнату – 14 212,4 мың теңге;
-
Ағымдағы жөндеу жұмыстары – 13 207,3 мың теңге;
-
Жуу құралдары – 2 578,7 мың теңге;
-
Шаруашылық материалдары – 3 552,1 мың теңге.
Басшы: Е. Макарова