Ұйымдар тізімі
21.10.2025
2025 жылғы 16 қазанда Гимназия №4 имени Л.Н. Толстого қабырғасында «Ұлттық диктант» күні ұйымдастырылды. Бұл мәдени-ағартушылық шара – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпыреспубликалық жоба.
Диктант күніне мектептің оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысты. Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама арқылы қатысушылар жазу сауаттылығының тек білім көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік пен мәдени қатысымның, ана тіліне деген құрметтің айқын белгісі екенін терең түсінді.
Игі шара оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып қана қоймай, олардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін де нығайтты
