29.09.2025
Рубрика "Декада языков народа Казахстана " 5 «Ә» сыныбында ағылшын тілінен «We love English» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қиялын ояту және ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттыру болды.
Оқушылар зияткерлік тапсырмалар орындап, жұппен және топпен белсенді жұмыс істеді. Әрбір кезеңде олар өзара көмек көрсетіп, тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамытты. Сыныпта достық пен ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті, оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ағылшын тілінде жеткізуге тырысты. Мұндай жұмыстар жас ұрпақтың тілдік қабілеттерін жетілдіруге, білімге деген құлшынысын арттыруға және топпен жұмыс жасау тәжірибесін дамытуға ықпал етеді.