29.09.2025
Қазақ тілі апталығы аясында 3-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті
Қазақ тілі апталығы аясында Степногорск қаласындағы Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясында орыс тілінде оқытылатын 3-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту және қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Жас қатысушылар қазақтың танымал ақын-жазушыларының өлеңдерін мәнерлеп оқып, сахна мәдениеті мен сөйлеу шеберліктерін көрсетті. Оқушылар өлең жолдарын әсерлі, интонациямен жеткізуге тырысып, өздерінің тілдік деңгейін көрсетті.
Сайыс нәтижесінде ерекше көзге түскен оқушылар марапатталып, мадақтамалар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
Арыстанбекова Ботагоз Газизовна