«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9-сыныптарға арналған бітіру

19.06.2025
2025 жылғы 13 маусымда 9-сынып оқушыларына аттестат табыстау салтанаты өтті
2025 жылғы 13 маусымда мектебімізде 9-сынып түлектеріне арналған аттестат табыстау салтанаты өтті. Бұл күн әрбір оқушы үшін ерекше сәтке айналды. Себебі олар мектептегі алғашқы маңызды білім кезеңін сәтті аяқтап, жаңа өмір белесіне қадам басты.
Салтанатты шараға оқушылар, ата-аналар, ұстаздар мен құрметті қонақтар жиналды. Мектептің безендірілген залы, жүрекке жылы тиер тілектер мен мерекелік көңіл күй бұл күнді ұмытылмас етіп көрсетті. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері түлектерге арнап ақжолтай, ізгі тілектерін білдірді. Ата-аналарға да алғыс айтылып, олардың ұзақ жылдар бойы балаларына көрсеткен қолдауы ерекше атап өтілді.
Шараның басты сәті – аттестаттарды табыстау рәсімі болды. Әрбір түлек сахна төріне шығып, негізгі орта білім туралы маңызды құжатын мақтанышпен қабылдады. Сонымен қатар, озат оқушылар мен мектеп өміріне белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды.
Оқушылар ұстаздарына деген алғыстарын ән, би, өлең арқылы жеткізіп, өз өнерлерін паш етті. Шара соңында естелік фотосессия өтіп, бір-біріне ақжарма тілектер айтылды.
2025 жылғы түлектер жоғары білім деңгейі мен алға ұмтылыстары арқылы ерекшеленді. Алда оларды жаңа белестер мен мүмкіндіктер күтіп тұр. Барша түлектерге сәттілік, табыс және болашақ өмір жолында сенімділік тілейміз!
Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст