27.05.2025
№4 гимназиясында алғашқы ауыспалы емтихандар басталды
2025 жылдың 26 мамыры күні №4 гимназияда оқу жылының маңызды кезеңі – алғашқы ауыспалы емтихандар басталды. Оқушылар қазақ тілі пәні бойынша білімдерін сынады.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани тірегі, ұлттық болмысымыздың айнасы. Бүгінгі емтихан оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығы мен меңгеру деңгейін анықтайтын сәттердің бірі болды. Барлық сыныптарда емтихан тәртіппен өтті. Оқушылар жауапкершілікпен дайындалып, алған білімдерін сәтті көрсете білді.
Ата-аналар мен ұстаздар үшін де бұл күн ерекше. Себебі, бұл – оқушылардың бір жыл бойы жинаған білімдерінің нәтижесін көрсететін маңызды сынақ.
Барша оқушыларға алдағы емтихандарда сәттілік, мықты дайындық және жоғары нәтижелер тілейміз! Білім жолындағы қадамдарың нық, болашағың жарқын болсын!