«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті аудармасынан емтихандар өткізу

27.05.2025

Бүгін  27.05.2025ж.        
4-гимназияда оқу жылының қорытынды емтихандарының екінші күні өтуде. Осы күні 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өтпелі емтихан тапсыруда. Бұл емтихандар оқушылардың бір жыл бойы меңгерген білімдерін тексеруге, тілдік сауаттылығын бағалауға және әдеби шығармаларды талдай білу қабілеттерін анықтауға бағытталған.
Оқушылар емтиханға тыңғылықты дайындалған. Олар жыл бойы өткен тақырыптарды қайталап, түрлі тапсырмаларды орындап, шығармаларды қайта қарап шықты. Мұғалімдердің айтуынша, оқушылардың көпшілігі жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде дайындық танытқан.
Емтихан жазбаша түрде өтуде. Оқушыларға грамматикалық тапсырмалар, мәтінмен жұмыс және шығармашылық сұрақтар ұсынылған. Бұл олардың тек білімін ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілетін, ойын сауатты жеткізе білуін және әдебиетке деген қызығушылығын дамытады.
Мұндай емтихандар оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттырып, тіл мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұғалімдер қауымы оқушылардың емтиханды сәтті тапсырып, оқу жылын жақсы нәтижемен аяқтайтынына сенімді.

Просмотров: 164


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст