Текст
3 сәуірде ЭМН пәндер онкүндігі аясында 7 сынып оқушылары арасында «Ақиқат іздеуде» атты математикалық квест өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: функционалдық сауаттылық пен математикалық дүниетанымын дамыту. Ойын барысында оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдылары, бірін-бірі тыңдау, есту қабілеті дамыды. Тапсырмалар қатысушылардың логикалық ойлауын, зеректігі мен тапқырлығын дамытуға ықпал ететіндей етіп таңдалды. Ойынға қазылар алқасының мүшелері мен ассистенттері 10-сынып оқушылары: Абенов М., Суханова Е., Омельченко В. Математикалық ізденіс қарқынды, қызықты және математика пәнінің жаңа қырларын ашуға көмектесті.